Ережелер

April 12, 2021

«Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер
  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы инвестициялармен, арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі – АЭА) қызметін үйлестірумен байланысты, туристік саланы, кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, сауданы, экспортты, азық-түлікті дамыту басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің –.
  11. Осы Ереже «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
  13. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы заңнамасының актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: инвестициялық тартымдылықты арттыру, жаппай кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, экспортты, сауданы, туризмді және қызмет көрсету саласын дамыту, азық-түлікті қамтамасыз ету, арқылы елорданы жаһандық бәсекеге қабілетті қалаға айналдыру.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) Нұр-Сұлтан қаласында қолайлы инвестициялық және іскерлік ахуалды қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;2) отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;3)…Нұр-Сұлтан қаласында инвестициялық өнімді қалыптастыруда салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету;4) өз құзыреті шегінде өнеркәсіпті және жаңа бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді, инфрақұрылымды дамыту;5) келу туризмді дамыту;6) сауда мен қызмет көрсету, оның ішінде азық-түлікпен қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай өңірлік саясатты жүргізу;7) кәсіпкерлік секторды дамыту және қолдау, Нұр-Сұлтан қаласында шағын және орта бизнес қызметіндегі әкімшілік кедергілерді жоюға ықпал ету;8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;9) меншік нысанына қарамастан сауда, оның ішінде көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, стационарлық және көшпелі сауда, базарлар қызметі, қызмет көрсету және тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және өз құзыреті шегінде азық-түлікпен қамтамасыз ету.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) әлеуетті инвесторларды іздестіру, оның ішінде оларды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында келіссөздер жүргізу;

2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысуға тарту;

3) Нұр-Сұлтан қаласына инвестицияларды тарту;

4) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат бередi;

5) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;

6) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасау және Нұр-Сұлтан қаласының аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну;

7) Нұр-Сұлтан қаласының туристік ресурстарын қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;

8) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында туристік саланың қызметін үйлестіру;

9) туристік ағынның өсуіне әсер ету бөлігінде әкімдік өткізетін мәдени, спорттық, медициналық, білім беру және басқа да іс-шараларды келісу;

10) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы бойынша туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

11) гидтерді (аудармашы гидтерді) кәсіптік даярлауды ұйымдастыру;

12) Нұр-Сұлтан қаласында туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

13) өз құзыреті шегінде МЖӘ жергілікті жобасының тұжырымдамасын, конкурстық құжаттамасын және шарт жобасын әзірлеу;

14) өз құзыреті шегінде МЖӘ жергілікті жобаларына қатысты конкурс немесе тікелей келіссөздер ұйымдастырушысы болу;

15) өз құзыреті шегінде МЖӘ жергілікті жобалары бойынша МЖӘ шарттарын жасасу;

16) өз құзыреті шегінде МЖӘ шарттарының және МЖӘ жергілікті жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу;

17) Нұр-Сұлтан қаласының шағын және орта кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту және қолдау бойынша мониторинг жүргізу;

18) кәсіпкерлікті қорғаудың әкімшілік-құқықтық нормалары мен дамытуды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

19) шағын және орта бизнестің басым бағыттарындағы жобаларды қаржыландыру және кредиттеу мәселелері бойынша екінші деңгейлі банктермен және қаржы институттарымен өзара байланыс жасау;

20) өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік субъектілеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;

21) бәсекелес ортаны қалыптастыру;

22) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды, жүйені қалыптастырушы кәсіпорындарды сатып алудағы жергілікті қамту үлесін дамыту;

23) азық-түлік тауарларын сатушылардың бәсекелестік ортасын кеңейту (жәрмеңкелер, коммуналдық сауда объектілерінің санын көбейту);

24) сауда инфрақұрылымын дамыту;

25) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны алу;

26) Нұр-Сұлтан қаласының Үдемелі индустриалдық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

27) әкімдік жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

28)..Нұр-Сұлтан қаласының Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

29).ауылшаруашылық өндірушілердің тұтынушылар нарығына қолжетімділігі үшін қолайлы жағдай жасау;

30) азық-түлік жай-күйіне, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағасына және нарығына мониторинг жүргізу;

31) ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

32) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;

33) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында сауда объектілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

34) тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асыру;

35) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу;

36) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша: тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша; Нұр-Сұлтан қаласы үшін – элиталық тұқымдар бойынша жыл сайынғы квоталарды айқындау;

37) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету;

38) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және меншік нысандарының барлық ұйымдарымен, соның ішінде шетелдіктермен меморандумдар (келісімдер) әзірлеу және жасау;

39) өз құзыреті шегінде мемлекеттік атқарушы билік органдарымен және ұйымдарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;

40) «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша келіп түсетін құжаттарды қарау және олар бойынша тиісті ақпарат және талдамалық материалдар дайындау;

41) мемлекеттік қызмет стандарттарына және регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

42) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету;

43) жүзеге асырылып отырған қызмет саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, жобалар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу, оларды Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне қарауға енгізу;

44) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) орталық мемлекеттік органдардан және олардың аумақтық бөлімшелерінен, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінен және басқа да ұйымдардан белгіленген тәртіпте осы Ережемен белгіленген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді және материалдарды сұрату және алу;

2) орталық мемлекеттік органдарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің және басқа да ұйымдардың басшылары мен мамандарын тартумен «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер өткізу;

3) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыру үшін «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі ғылыми-экономикалық кеңестер, комиссиялар және басқа кеңесші органдар құра алады;

4) әкімдікке реттелетін қатынастар мәселелері бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының даму мақсаттарын, басымдықтарын айқындау және оларды әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің орындауын бақылауды жүзеге асыруы туралы ұсыныстар енгізу;

5) кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрату және алу;

6) «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мәселелер бөлігіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдары әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру;

7) «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметі мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссиялардың жұмысына қатысу;

8) «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған тұлғаларға қатысты шаралар қолдану үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға материалдар жолдау;

9) шағым жасау, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер болу;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

11) инвестициялық қызметпен байланысты объектілерді салу кезінде жаңа технологиялар енгізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, ақпараттық семинарлар өткізу;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел басқарудағы мүлікті иелену, пайдалану және иелік ету;

13) АЭА аумағындағы мемлекеттік уәкілетті органдардан және шаруашылық жүргізуші субъектілерден, лауазымды адамдардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты, анықтамаларды, құжаттарды сұрату және алу;

14) «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ведомствоаралық кеңестер шақыру;

15) мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетел және отандық сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;

16) мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және отандық сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарта отырып, «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмыс топтарын және комиссиялар құру;

17) жергілікті атқарушы биліктің өзге мемлекеттік органдарымен өзара
іс-қимылды жүзеге асыру;

18 ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

19) «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжілістер шақыру.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметке тағайындалады.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының және «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі бөлімдері басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

2) «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

5) «Нұр-сұлтан» қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ” мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесін ұсынады.

«Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiлейдi.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкi

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

«Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк есебінен қалыптастырылады.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіні қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі.

 

  1. “Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы “ASTANA INVEST” ЖШС.
  2. “Конвеншн-бюро” ЖШС.

Пайдалы ақпарат

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Азаматтарды қабылдау кестесі

азаматтарды қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы