«Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ
March 17, 2021

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы “Әсем”, “Әлем”, “Шапағат”, “Биг Шанхай” және “Шарын”азық-түлік базарларының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне шекті сауда үстемесін орнату туралы келісімге қол жеткізілді.

Азық-түлік нарықтарының өкілдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің мөлшері бойынша 15% – дан аспайтын, ал көпшілік позиция бойынша 7-10% – дан аспайтын бірлескен меморандумға қол қоюға дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ, осы мәселе бойынша “Magnum”, “Small”, “Аян”, “Астықжан”, “Кенмарт” және т. б. сауда желілерімен меморандум жасасу бойынша іс-шаралар пысықталуда.

Пайдалы ақпарат

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Азаматтарды қабылдау кестесі

азаматтарды қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы