“Ashyq” пилоттық жобасы аясында фитнес-клубтар, спа-орталықтар, сауналар, бассейндер, компьютерлік клубтар және боулинг клубтары өз қызметін қайта бастауға мүмкіндік алды.
Қазіргі уақытта Нұр-сұлтан қаласы бойынша осы пилоттық жобаға 57 кәсіпкерлік субъектісі қатысады (оның ішінде 20 фитнес-клуб, 12 спа-орталық, 2 бассейн, 3 боулинг-клуб, 17 компьютерлік клуб, 3 сауна).
“Ashyq” мобильді қосымшасы QR-кодты пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін: вирустың тасымалдаушысы болып табылатындығын немесе табылмайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Бизнес субъектісі – жобаға қатысушы қабылданып жатқан санитариялық шараларға қосымша бақылауды қамтамасыз етеді.
Жобаның тағы бір артықшылығы – келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өйткені барлық азаматтар қоғамдық орындарға бару арқылы өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамайды және осылайша вирустың таралу қаупін тудырады.
Басқарма басшысына сұрақ қою
Ақпарат
азаматтарды қабылдау