«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдету жолды бар!
«Даму» Қоры серіктес банктен бағдарлама аясында алған несиеңіздің тек 6 пайызын ғана төлеуге мүмкіндік береді. Ал ортадағы айырмасын субсидиялайды.
Бағдарлама аясында несиені субсидиялау шарттары:
Бағдарламаның бірінші бағыты – микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін:
🔸 Максимал сома:
▪️ инвестиция үшін 20 миллион теңгеге дейін
▪️ айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін
🔸 Салалық шектеусіз
🔸 Несиелеу мерзімі:
▪️инвестицияға жұмсаған жағдайда, 3 жыл, ұзартусыз;
▪️айналым қаражатын толықтырған жағдайда, 2 жыл, ұзартусыз.
Екінші бағыт – экономиканың басым секторларындағы жобаларды субсидиялау шарттары:
🔸 Максимал сома:
▪️ 7 млрд теңгеге дейін
🔸 Салалық шектеусіз
🔸 Несиелеу мерзімі:
▪️ инвестицияға жұмсаған жағдайда, 5 жыл, ұзартусыз;
▪️ айналым қаражатын толықтырған жағдайда, 3 жыл, ұзартусыз.
Бағдарлама аясында субсидия алу механизмімен рет-ретімен танысу үшін ресми сайтқа https://damu.kz/programmi/subsidy/subsidii-dkb-2025-d/ немесе https://online.damu.kz/ru/public/announces/show/111 сілтемесі бойынша кіріп, шарттарын оқып алуға немесе қосымша ақпаратты 1408 (тегін) нөмірін теріп колл-орталық мамандарынан кеңес алуға болады.
Басқарма басшысына сұрақ қою
Ақпарат
азаматтарды қабылдау