Шағын ғана кәсіп ашу үшін «Даму» Қорынан қандай қолдау ала аласыз?
Егер сіз микро-, шағын кәсіпкерлік субъекті санатына жатсаңыз және бизнес-жобаңызды жүзеге асыруға 20 млн теңгеге дейін қаржы қажет болса, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы (1-бағыты) аясында қолдау алыңыз.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жылына 6%-бен (субсидия есебінен) несие алып, банк талап еткен кепілзатыңыз жетпеген кезде «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланыңыз. Бағдарламаның артықшылықтары көп. Мысалы:
✔️ Бизнестің саласына шектеу жоқ
✔️ Қор өтінімді қысқа уақытта қарастырады
✔️ ЕДБ/МҚҰ және Қорға аз құжат өткізесіз
Бағдарлама аясында субсидиялау шарттары:
Максимал сома:
▪️ инвестицияға – 20 млн тг дейін
▪️ айналым қаражатын толықтыруға – 5 млн тг дейін
Сыйақы мөлшерлемесі – субсидия есебінен 6%
Сусбсидия мерзімі:
▪️ инвестицияға – 3 жыл
▪️ айналым қаражатын толықтыруға – 2 жыл
Бағдарлама аясында кепілдік алу шарттары:
Максимал сома:
▪️ инвестицияға – 20 млн тг
▪️ айналым қаражатын толықтыруға – 5 млн тг
Кепілдік көлемі: несие сомасының 85%-ы
Мерзімі: несие мерзімінен аспайды
⠀ «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы (1-бағыты) аясында субсидия/кепілдік алуды қадам-қадам бойынша түсіндірер болсақ:
Портфель субсидия/кепілдігін алу үшін кәсіпкер:
1) ЕДБ/МҚҰ-ға қаржыландыру сұрап өтінім береді.
2) Жобаны кешенді түрде сараптамадан өткізген соң ЕДБ/МҚҰ тарапы оң шешім шығарса – «Даму» Қорына несие шарты мен қабылданған шешім жайлы ескерту-хатты жолдайды
3) Содан кейін Қор кепілдік міндеттемесін ұсынып, банк-кәсіпкер-Қор арасында субсидия жайлы үшжақты шарт жасалады.
Бағдарлама шарттарымен толығырақ танысу үшін Қордың сайтына https://damu.kz/programmi/ сілтемесі бойынша кіру керек. ☎️ Сондай-ақ қосымша сұрақтар болған жағдайда 1408 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады.
Басқарма басшысына сұрақ қою
Ақпарат
азаматтарды қабылдау