Арнайы экономикалық аймақтар экономика салалары мен аймақтардың қарқынды дамуы және инвестициялар тарту, өнім өндіру көрсеткіші жоғары және бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға, заманауи технологияларды тарту мақсатында құрылады.
«Астана – жаңа қала» АЭА
Жалпы ауданы – 7 018,72 га (Әкімшілік бизнес орталығы. №1 Индустриалдық паркі) Қолданылу мерзімі – 2027 жылға дейін.
«Астана – Технополис» АЭА
Жалпы алаңы – 631,92 га (Назарбаев Университеті, Индустриалдық паркі №2) Іске асыру кезеңі 2042 жылға дейін.
АЭА-ның қатысушыларына арналған преференциялар
Салық жеңілдіктері:
Кеден жеңілдіктері:
сондай ақ:
«Астана – жаңа қала» және «Астана – Технополис» АЭА аумағында жобаларды жүзеге асыру бойынша «Астана – Технополис» АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ-мен байланысу керек http://technopolis.kz .
Мемлекеттік мекемелермен, даму институттарымен және Нұр-Сұлтан қаласының басқа да инвестициялық қызмет субъектілерімен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу сұрақтары бойынша әрекеттестік https://investinastana.kz .
«Астана – жаңа қала» АЭА №1 Индустриялық паркінің аумағынан жер телімін алу бойынша анықтама
1)Ұсынылған жобаның басымды қызмет түрлеріне сәйкестігі:
Жоба «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының Индустриялық паркін құру мақсаттарына сай келетін төмендегі басымды қызмет түрлеріне сәйкес келуге тиіс:
1) өзге де металл емес минералдық өнiм өндiру;
2) машиналар мен жабдықтарды жасау;
3) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
5) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
6) металлургия өнеркәсібі;
7) электр жабдығын, оның ішінде электр-жарық беруші жабдық жасау;
8) жарық беруші аспаптарға арналған шыны компоненттерін өндіру;
9) тамақ өнімдерін өндіру;
10) сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз бен картон өндіру;
11) жиһаз жасау;
12) автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді жасау;
13) темір жол локомотивтері мен жылжымалы құрамды жасау;
14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын жасау;
15) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру;
16) электрондық бөлшектер жасау;
17) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын-үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
19) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
20) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру.
2) Нұр-Султан қаласы әкімінің атына жер телімін бөлу туралы өтініш беру:
Жоба жоғарыда аталған қызметтің басым түрлерінің біріне сәйкес келген жағдайда, жобаға өтініш беруші Нұр-Султан қаласы әкімінің атына АЭА аумағынан талап етілетін учаскенің алаңы мен мақсатын көрсете отырып өтініш білдіруі тиіс.
3) Өтінішке жауап алғаннан кейін «Астана – Технополис» АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ-на төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:
1) уәкілетті органмен бекітілген нұсқа бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
5) заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі;
6) өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған, соңғы есептік күнге қаржылық есептіліктің көшірмесі;
7) жобаның уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін техникалық-экономикалық негіздемесі қоса беріледі.
8) қызмет көрсететін банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмесі және кредиттік бюродан алынатын кредиттік есеп;
9) тіркеу есебіне қойылған жері бойынша мемлекеттік кіріс органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы анықтамасы қоса беріледі.
– сондай-ақ таныстыру материалдары .
Жоғарыда аталған құжаттарды «Астана-Технополис» АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ-на тапсыру қажет.
4) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына инвестициялық жобаларды іріктеу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында жобаны қарау:
Құжаттардың толық пакетін тапсырған соң жобаны ұсынушы таныстырылым материалдарын (электрондық түрде power point форматында) әзірлеп, 5 минут регламентпен сөз сөйлеуге тиіс. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына инвестициялық жобаларды іріктеу жөніндегі Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша жобаны Индустриялық парктің аумағында жүзеге асыру туралы хаттамалық шешім шығарылады.
Оң шешім қабылданған жағдайда, «Нур-Султан қ. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастар басқармасы» ММ-не жер телімін рәсімдеу және АЭА-ның қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы келісім-шарт жасасу үшін «Астана-Технополис» АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ-на хаттаманың көшірмесін жолдайды.
Қосымша ақпарат алу үшін «Астана-Технополис» АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ-на Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай даңғылы, 53 мекен-жайы бойынша хабарласу қажет.
Тел.: 70-94-34, 70-94-15, 70-94-14, 70-94-32.
Электрондық пошта: info@technopolis.kz
Ask a question to the head of management
Information
Reception of citizens