FOR INVESTMENTS AND DEVELOPMENT OF ASTANA CITY
May 1, 2020

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантиндік аймақ аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың шешімі

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантиндік аймақ аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың шешімі

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы

15 наурыздағы №285 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның а.ж. 29 сәуірдегі хаттамасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин аймағының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб (бұдан әрі – Штаб),  төтенше жағдайды жою басшысы былай деп ШЕШТІ:

2020 жылғы 4 мамырдағы сағат 00:00-ден бастап санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды күшейте және қызметкерлердің орталықтандырылған тасып таратылуын ұйымдастыра отырып, қызметтің мынадай түрлерімен Штабтың 2020 жылғы 28 наурыздағы № 06 шешіміне қосымшада көзделген рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі толықтырылсын:

  • сағат 17:00-ге дейін жұмыс кестесімен жалпы алаңы 500 м² дейін азық-түліктік емес дүкендер (барлық бағыттар);
  • шаштараздар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары (алдын ала жазылу бойынша, залда 3 клиенттен көп емес болуы, үй-жайларды күнделікті өңдеу);
  • жеке сот орындаушылары (алдын ала жазылу бойынша);
  • адвокаттар (алдын ала жазылу бойынша);
  • медициналық орталықтар (алдын ала жазылу бойынша);
  • стоматологиялық клиникалар (алдын ала жазылу бойынша);
  • жарнама агенттіктері (алдын ала жазылу бойынша);
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары және төлем терминалдарына қызмет көрсету;
  • фотосалондар және гүл дүкендері; клинингтік қызметтер;
  • көшедегі спорт сабақтары мен жаттығулар;
  • ұялы телефондарды жөндеу және аксессуарларды сату, кілттерді, сағаттарды, құлыптарды және т. б. жөндеу және дайындау.
  1. Карантин мен төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде қаржы нарығының субъектілері қаржы нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органдар шығаратын актілерге сәйкес қызметті жүзеге асырсын.
  2. 2020 жылғы 4 мамырда сағат 9:00-ден бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтілген түрде сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09: 00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесімен тек қана кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсету үшін Мәңгілік Ел даңғылы, № 30 («Есіл» ауданының №1 бөлімі) мекенжайы және тек қана автосалондар үшін қызметтер көрсету үшін 20-40 к-сі, № 2 (Мамандандырылған бөлім) мекенжайы бойынша орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта басталсын.
  3. Штабтың 2020 жылғы 28 наурыздағы № 06 шешіміне қосымшада көрсетілген ұйымдар мен кәсіпорындар үшін жоғарыда аталған және рұқсат етілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызметтің барлық өзге де түрлері карантин және төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде тоқтатылған түрінде қалады.

Алгоритмы работ всех предприятий, работающих с 4 мая 2020 года.pdf_

Пайдалы ақпарат

Useful information

Appeal to the head

Ask a question to the head of management

State services

Information

Schedule of reception of citizens

Reception of citizens

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы