«Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ
December 30, 2019

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне шетелдік туристерден 1,9 млрд. теңге тікелей кіріс келді.

2019 жылы Елордада түрлі форматтағы және ауқымдағы 600-ден астам шара ұйымдастырылды, олардың 180-і – халықаралық деңгейдегі шаралар.

Ең маңызды шаралардың қатарында отандық өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM» көрмесі, Астана экономикалық форумы, Азия жазушыларының І-ші форумы, Қазақстан машина жасаушыларының VII-ші форумы, Сот басқаруы жөніндегі Халықаралық қауымдастықтың 14-ші конференциясы, 2019 жылғы Жаһандық Инновациялық Саммиті, PATA TravelMart 2019 халықаралық туристік көрме, Еуразия мемлекеттері парламенттері спикерлерінің IV-ші жиыны, XII KAZENERGY Еуразиялық форумы, DigitalBridge 2019 және SeedstarsSummit CEE 2019 форумдары бар.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласында әлемнің үздік спортшылары хоккей, грек-рим күресі, еркін және әйелдер күресі, грэпплинг, киокушинкай каратэ және пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионаттарында бақ сынады, триатлон және «Ironman 70.3» әлем кубоктарында және «Астана Марафон 2019» шарасында жарысқа түсті.

Шілде айында елордада әуе индустриясы саласының 350 өкілінің қатысуымен RoutesSilkRoad атты әуежайлар мен әуе жолдарының форумы өтті. Шараның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы және Қытай Халық Республикасының қалалары арасында жаңа рейстерді ашу жоспарлануда.

Қазан айында 80 елдің 1,6 мың делегатының қатысуымен қала туризмі бойынша 8 ЮНВТО Жаһандық Саммит өтті. Оқиғалық туризм шеңберінде өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласына 15 мың шетелдік турист тартылды. Олардан келген тікелей кіріс 1,9 млрд. теңгені құрады.

Келесі жылы бас шаһарда жоспарланған ірі шаралардың қатарында: SmartCity EXPO World Congress, 12-ші БСҰ-ның Министрлік конференциясы, InvestPro, MachExpoKazakhstan 2020 Бизнес-конференциясы, AgriTek Nur-Sultan 2020, Nur-Sultan Mining&Metallurgy Congress (NММ) 2020, TravelExpo Nur-Sultan және тағы басқалары.

Сонымен қатар, FiradeBarcelona көрмелік ұйымымен SmartCityExpoWorldCongress көрмесін ұйымдастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – inform.kz белсенді сілтемесі: https://www.inform.kz/kz/2019-zhyly-elorda-byudzhetine-sheteldikterden-1-9-mlrd-tenge-kiris-kirdi_a3598908

Пайдалы ақпарат

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Азаматтарды қабылдау кестесі

азаматтарды қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы