«Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ
January 10, 2020

Құрметті қала тұрғындары!

Қысқы маусымда қаладағы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру және баға өсімін алдын-алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы үнемі бақылау жүргізіп отырады.
Жүргізілген мониторинг негізінде «Астықжан» (Ақжол көшесі 31, Ш.С.Бейсеков көшесі 3) және «КеңМарт» (Астана-Қарағанды ​​тас жолы, 45) сауда орталықтарында картоп пен сәбіздің бөлшек саудадағы бағасы 78 теңгеден, пияз – 73 теңге, қырыққабат – 93 теңгеден белгіленді. Белгіленген бағалар  қаладағы ірі  базарлардың (Шарын, Алаш) орташа көтерме бағасына сәйкес келеді.
Аталған бағыттағы жұмыстар басқарма бақылпуына алынған және әрі қарай жалғасатын болады.

 

Пайдалы ақпарат

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Азаматтарды қабылдау кестесі

азаматтарды қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы