ГУ «Управление по инвестициям и развитию предпринимательства города Нур-Султан»
Март 25, 2021

«Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдету жолды бар!

«Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдету жолды бар!

«Даму» Қоры серіктес банктен бағдарлама аясында алған несиеңіздің тек 6 пайызын ғана төлеуге мүмкіндік береді. Ал ортадағы айырмасын субсидиялайды.

Бағдарлама аясында несиені субсидиялау шарттары:

Бағдарламаның бірінші бағыты – микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін:

🔸  Максимал сома:

▪️ инвестиция үшін 20 миллион теңгеге дейін

▪️ айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін

🔸 Салалық шектеусіз

🔸 Несиелеу мерзімі:

▪️инвестицияға жұмсаған жағдайда, 3 жыл, ұзартусыз;

▪️айналым қаражатын толықтырған жағдайда, 2 жыл, ұзартусыз.

Екінші бағыт – экономиканың басым секторларындағы жобаларды субсидиялау шарттары:

🔸 Максимал сома:

▪️ 7 млрд теңгеге дейін

🔸 Салалық шектеусіз

🔸 Несиелеу мерзімі:

▪️ инвестицияға жұмсаған жағдайда, 5 жыл, ұзартусыз;

▪️ айналым қаражатын толықтырған жағдайда, 3 жыл, ұзартусыз.

Бағдарлама аясында субсидия алу механизмімен рет-ретімен танысу үшін ресми сайтқа https://damu.kz/programmi/subsidy/subsidii-dkb-2025-d/  немесе https://online.damu.kz/ru/public/announces/show/111  сілтемесі бойынша кіріп, шарттарын оқып алуға немесе қосымша ақпаратты 1408 (тегін) нөмірін теріп колл-орталық мамандарынан кеңес алуға болады.

Полезная информация

Полезная информация

Обращение к руководителю

задать вопрос руководителю управления

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
100 конкретных шагов
Послание Главы государства народу Казахстана
Стратегия «Казахстан 2050»